ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

 Алматы 2025

 Осы Құпиялылық саясаты (бұдан əрі – Саясат) жеке деректердің құпиялылығын қорғау ережелерін айқындайды жəне «MARQAR (МАРХАР)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС), БСН 171040022016, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бұқар Жырау бульвары, 2/1 (бұдан əрі – Əкімшілік), marqar.kz домендік атымен орналастырылған Сайтқа қолданылады. Бұл Саясат Пайдаланушы Сайтты, бағдарламаларды жəне өнімдерді пайдаланған кезде алынуы мүмкін барлық ақпаратқа, сондай-ақ Пайдаланушы Əкімшілікке берген құпия ақпараттың сақталуына таралады.

 ____________________________

1. ТЕРМИНДЕРДІ АНЫҚТАУ

1.1. Осы Саясатта төмендегі терминдер қолданылады:

1.1.1. «Əкімшілік» (Сайт Əкімшісі) – Сайтты басқаруға уəкілеттік берілген қызметкерлер. Олар жеке деректерді өңдеуді ұйымдастырады жəне (немесе) жүзеге асырады, сондай-ақ жеке деректерді өңдеудің мақсаттарын, өңделуге жататын деректер құрамын, жеке деректермен жасалатын іс-əрекеттерді (операцияларды) айқындайды.

1.1.2. «Жеке деректер» – Пайдаланушыға тікелей немесе жанама қатысты кез келген ақпарат.

1.1.3. «Жеке деректерді өңдеу» – автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе онсыз жеке деректермен жасалатын кез келген əрекет (операция) немесе олардың жиынтығы: жинау, жазу, жүйелеу, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жеткізу), бейтараптандыру, бұғаттау, жою. Жеке деректерді өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

1.1.4. «Жеке деректердің құпиялылығы» – Жеке деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негіздерсіз олардың таралуына жол бермеу талаптары.

1.1.5. «Пайдаланушы» – интернет желісі арқылы Əкімшіліктің Сайтына кіретін жəне оның қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға.

1.1.6. Сайт мекенжайы: marqar.kz

1.1.7. «Құпия ақпарат» – мемлекеттік құпияға жатпайтын, бірақ Əкімшілік белгілеген жəне қорғалатын ақпарат (ғылыми-техникалық, технологиялық, өндірістік, қаржылық-экономикалық немесе басқа да сипаттағы), үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты коммерциялық құндылыққа ие мəліметтер. _____________________________

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Пайдаланушының Сайтты пайдалануы осы Саясатқа жəне жеке деректерді өңдеу шарттарына келісімін білдіреді.

2.2. Егер Пайдаланушы Саясат шарттарымен келіспесе, ол Сайтты пайдалануды тоқтатуы тиіс.

2.3. Бұл Саясат тек marqar.kz сайтына қолданылады. Əкімшілік үшінші тұлғалардың сайттарына жауап бермейді.

2.4. Əкімшілік Пайдаланушы берген деректердің дұрыстығын тексермейді. _____________________________

3. САЯСАТТЫҢ МƏНІ

3.1. Осы Саясат Əкімшілік сайтына тіркелу немесе Қызметтерге тапсырыс беру кезінде Пайдаланушы ұсынған деректердің құпиялылығын сақтауды жəне қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Əкімшіліктің міндеттемелерін белгілейді.

3.2. Пайдаланушы Əкімшілік белгілеген құпия ақпарат режимін сақтауға міндетті, сондай-ақ Əкімшіліктің жазбаша келісімінсіз оны жария етуге немесе жеке мақсатта пайдалануға құқығы жоқ.

3.3. Өңдеуге рұқсат етілген деректер: Тегі, аты, əкесінің аты; Байланыс телефоны; Электрондық пошта (e-mail); Тұрғылықты жері.

3.4. Өзге деректер сенімді түрде сақталады жəне заңда көзделген жағдайлардан басқа кезде таратылмайды.

 _____________________________

4. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ

 есі мақсаттарда пайдаланады:

 Тапсырыстарды ресімдеу, келісім-шарттар жасасу;

 Дербестендірілген ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін беру;

 Хабарламалар мен сұраулар алмасу;

 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу;

 Деректердің дұрыстығын растау;

 Есептік жазба құру (Пайдаланушы келісімімен);

 Қызмет көрсету барысын хабарлау;

 Клиенттік жəне техникалық қолдау көрсету;

 Жарнамалық ақпарат жіберу (Пайдаланушы келісімімен). _____________________________

5. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ƏДІСТЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Жеке деректер заңда рұқсат етілген кез келген тəсілмен, мерзімін шектемей өңделеді.

5.2. Жеке деректер заңнамаға сəйкес мемлекеттік органдарға немесе серіктес ұйымдарға берілуі мүмкін.

5.3. Əкімшілік деректерді заңсыз қол жеткізуден, жойылудан, өзгертілуден, таралудан қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайды.

5.4. Пайдаланушы деректердің жоғалуынан немесе жария етілуінен туындайтын салдардың алдын алу үшін де қажетті шаралар қабылдауға келіседі. _____________________________

6. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Пайдаланушы міндеттенеді:

Деректерді дұрыс ұсынуға жəне өзгерген жағдайда жаңартуға;

Əкімшіліктің қызметіне қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге;

Құпия деректерді сақтау үшін сақтық шараларын қолдануға.

Əкімшілік міндеттенеді:

Алынған ақпаратты тек Саясатта көрсетілген мақсаттарда пайдалануға;

Жеке деректерді жария етпеуге, сатпауға, айырбастамауға;

Құпиялылықты қамтамасыз етуге;

Жалған деректер анықталған жағдайда оларды бұғаттауға. _____________________________

7. ЖАУАПКЕРШІЛІК

7.1. Өз міндеттемелерін орындамаған тарап заңға сəйкес жауап береді.

7.2. Құпия ақпарат үшін Əкімшілік жауап бермейді, егер ол: Жария болардан бұрын көпшілікке белгілі болса; Үшінші тұлғадан заңды негізде алынған болса; Пайдаланушының келісімімен жария етілсе.

 _____________________________

8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

8.1. Даулар бойынша сотқа дейін міндетті түрде жазбаша шағым (дауды бейбіт жолмен реттеу туралы ұсыныс) беріледі.

8.2. Шағымға 30 күн ішінде жазбаша жауап қайтарылады.

8.3. Келісімге қол жеткізілмесе, дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сот арқылы шешіледі.

 _____________________________

9. ҚОСЫМША ШАРТТАР

9.1. Əкімшілік Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы.

9.2. Жаңа редакция сайтта жарияланған кезден бастап күшіне енеді.

9.3. Саясаттың қолданыстағы нұсқасы marqar.kz сайтында орналастырылады.

ҚҰЖАТТЫ ЖҮКТЕП АЛУ