Қайтару жəне ауыстыру шарттары

Осы Ереже Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 сəуірдегі № 369 қаулысымен бекітілген ережелерге сəйкес əзірленген жəне «MARQAR» ЖШС-нің (бұдан əрі – Компания) тұтынушыларымен өзара құқықтық қатынастарын реттейді.

1. Дұрыс сападағы тауарды қайтару жəне ауыстыру

Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) санатына жататын өнімдер дұрыс сапада болған жағдайда қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды. Қайтару жəне/немесе ауыстыру тек қана тауарда ақау анықталған немесе тауардың жарияланған сипаттамаларына сəйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Дұрыс емес сападағы тауарды қайтару жəне ауыстыру

Тауарды қайтару немесе ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

●жеткізу кезінде қаптаманың бүлінуі;

●тауардың жарамдылық мерзімінің сату сəтінде өтіп кетуі;

●өнімнің құрамы немесе таңбалануы көрсетілген сипаттамаларға сəйкес келмеуі;

 ●өндірістік ақаулардың анықталуы. Аталған жағдайларда Тұтынушының құқығы бар:

●тауарды баламалы тауарға ауыстыруға;

●немесе тауардың толық құнын қайтарып алуға.

3. Қайтару рəсімдеу тəртібі

Тұтынушы тауарды қайтару үшін мына талаптарды орындауы тиіс: тауарды алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Компанияның қолдау қызметіне хабарласу; сатып алуды растайтын құжатты (чек немесе өзге де құжат) ұсыну; өнімді түпнұсқа қаптамасында қайтару (айқын ақаулар жағдайын қоспағанда).

4. Қарау жəне қаражатты қайтару мерзімдері

Қайтару туралы өтінім 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаралады; Ақшалай қаражат қайтару өтінімнің қанағаттандырылған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

ҚҰЖАТТЫ ЖҮКТЕП АЛУ